«Петропавл қ. - г. Петропавловск»
Қаз Рус

Қызмет түрлері

 «Горгаз-сервис» ЖШС

келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады:

  1. сұйытылған мұнай газын тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушыларға топтық резервуарлық қондырғылар арқылы бөлшек саудада өткізу;
  2. топтық резервуарлық қондырғыларға және газ тұтынушы жүйелерге техникалық қызмет көрсету;
  3. газ құрылғыларын, тұтынушылардың есепке алу құралдарын тексеру, жөндеу, монтаждау және бөлшектеу;
  4. жеке немесе заңды тұлғаларға тиесілі, жаңадан салынған газ құбырларын, сынақтарды жүргізе отырып қосу;
  5. өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мамандарды, қызметкерлерді даярлау, қайта даярлау;
  6. сұйытылған мұнай газын жеке және заңды тұлғаларға өткізу;
  7. жеке және заңды тұлғалардың автокөліктерін газ толтыру станциясының таразысында өлшеу бойынша қызметтер;
  8. сұйылтылған мұнай газын сақтау бойынша қызметтер;
  9. сұйытылған мұнай газын автогазовоздармен тасымалдау бойынша қызметтер;
  10. тұрмыстық, коммуналдық-тұрмыстық және өнеркәсіптік тұтынушылардың газ тұтыну жүйелеріне және газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсету;
  11. ҮІГҚ қызметтері– газ кранын төмен түсіруде ауыстыру, газ құбырының муфталы қосылысындағы газдың кемуін жою, көрінетін жарумен газ жабдығын ажырату, газ плиталары жанарғыларының бір шүмегін ауыстыру, үй ішіндегі газ құбырына стаканды алу/орнату, орнату орнына шыға отырып газ жабдығын тіркеу, газды есептеу аспаптарын тіркеуден басқа, орнату орнына шықпастан газ жабдығын тіркеу;
  12. тұрғын және коммуналдық-тұрмыстық объектілерді газбен жабдықтауға техникалық шарттарды беру бойынша қызметтер, газ аспаптарын қосу және ажыратуға келісім жасау;
  13. газды есептеу құралдарын пломбалау;
  14. есептеу құралдарын және смарт-карталарын өткізу;
  15. жеке және заңды тұлғалардың темір жол вагондарын газ толтыру станциясының вагон таразысында өлшеу қызметтері;
  16. Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қызмет түрлері.