«Петропавл қ. - г. Петропавловск»
Қаз Рус

Тарихы

    1958 жылы Петропавл қаласында Қалалық коммуналдық шаруашылық негізінде кейіннен газ шаруашылығының облыстық тресті деп аты өзгертілген Газ шаруашылығы басқармасы құрылды.

    1962 жылы қалалық газ толтыру станциясы салынды және іске қосылды. Петропавл қаласының газбен жабдықтау жүйелерінің дамуына қарай, газ толтыру станциясын қайта құру (бар сақтау базасының қуаты Петропавл қаласы мен облыс тұтынушыларын сұйылтылған газбен қамтамасыз етуге жеткіліксіз болды), кейбір технологиялық үдерістерді механизациялау қажеттілігі туындады. ГТС қайта құру кезеңінде сұйылтылған көмірсутекті газбен жұмыс істейтін бу жібергіш және су жылытатын қазандармен жабдықталған қазандықтың құрылысы жүзеге асты.

    Газдандыру өсуімен байланысты газ құбырлары жүйелерін жөндеу мен қызмет көрсету бойынша, ТРҚ, газ жабдығы мен оны жөндеу бойынша қызметтерді ұлғайту қажеттілігі туындады: газбен байланысты мүмкін апаттарды жоюға арналған жақсы базамен жабдықталған апаттық қызмет, газ шаруашылығы мен оның желілерінде газ шығуын анықтау.

    Бірқатар жылдар бойында кәсіпорын өз атауында бірнеше рет өзгерістерге ұшырады. Сөйтіп, «Петропавловскоблгаз» тресті 1978 жылы «Петропавловскоблгаз» газ шаруашылығының Солтүстік Қазақстандық өндірістік бірлестігіне өзгертілді. 1988-1990 жж. аралығында «Петропавловскоблгазтоп» жанармай мен газ шаруашылығының Солтүстік Қазақстандық өндірістік бірлестігіне аты өзгертілді. Кейін - «Петропавловскоблгаз» газ шаруашылығының Солтүстік Қазақстандық өндірістік бірлестігі.

    1997-2006 жж. аралығында облыс орталығын газбен жабдықтауды қамтамасыз ету бойынша міндеттерді «Алаугаз» АҚ, «Петропавловское управление газового хозяйства» ЖШС, «Центральное управление газового хозяйства АО «Алаутрансгаз» и ТОО «Центральное газоснабжение г. Петропавловска» ЖШС Петропавлдық филиалы атқарды. Экологиялық таза мотор жанармайын қолдану мақсатында республиканың газ шаруашылығы кәсіпорындарының бастапқыларының бірі болып «ЦУГХ» ЖШС өз жүк және жеңіл автокөліктерін жаңармайдың жаңа түрі – сұйылтылған көмірсутекті газға ауыстырды.

    2006 жылдың 1 сәуірінен бастап қазіргі уақытқа дейін Петропавл қаласын газбен жабдықтау бойынша қызметті «Горгаз-сервис» ЖШС атқарады. Кәсіпорын облыс орталығының газбен жабдықтау жүйесіне қызмет көрсетумен байланысты газ қаупі бар жұмыстардың барлық түрлерін орындайды.

    Қазіргі уақытта көгілдір отын Петропавл қ. тіршілік әрекетінің барлық салаларына еніп кетті. «Горгаз-сервис» ЖШС барлық қызметтерінің жұмысы қала тұрғындарын апатсыз және үздіксіз газбен жабдықтауға бағытталған. Бүгінгі таңда «көгілдір отынның» арқасында алатын игіліктерсіз өз өмірімізді елестету қиын.