Құрметті дәмхана, мейрамхана, асхана, дәм тататын орындар, аспаздық орындар, дүкендер және басқа да коммуналдық-тұрмыстық қызмет көрсетілетін нысандар иелері!
Сіздердің назарларыңызға жеткіземіз, ҚР «Газ және газбен қамтамасыз ету туралы» Заңының 19 б. 3 т. сәйкес, барлық коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылар оларға тиесілі газ тұтынушы жүйелеріне көрсетілетін техникалық қызметіне шарт жасауға міндетті.
Бұл шартсыз тұтынушыларға газ тұтынушы жүйелерді және газ құралдарын пайдалануға тыйым салынады (ҚР «Газ және газбен қамтамасыз ету туралы» Заңының 19 б. 5 т.).
Техникалық қызмет көрсету кезеңділігі – 3 айда 1 реттен кем болмауы тиіс (Қазақстан Республикасының ішкі істер Министрінің 2017 жылғы 9 қазандағы №673 бұйрығымен бекітілген, газбен қамту жүйелері нысандарының қауіпсіздігі бойынша Талаптарының 266 т.).
Газ тұтыну жүйелері мен газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсетуге шарт жасау үшін, объектінің меншік иесі, не объектіні жалға алу құқығында, не өзге де заттық құқықта иеленетін тұлға, құқықты куәландыратын және құқық белгілейтін құжаттарды ұсынуы қажет. Өтініш үлгісімен және қоса берілген құжаттар тізімімен осында танысуға болады.
Сондай-ақ коммуналдық-тұрмыстық тұтынушы газ жабдығын пайдалануға жауапты тұлғаны тағайындауы қажет. Газ жабдығын пайдалануға жауапты тұлға тиісті оқудан өтуі тиіс. Өтініш үлгісімен және газ құрылғысын пайдалануға жауапты тұлғаны оқыту шартын жасауға қажетті құжаттар тізімімен осында танысуға болады.
Техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстардың құны Қазақстан Республикасы энергетика Министрінің 2014 жылғы 12 қарашадағы № 117 бұйрығымен бекітілген, коммуналдық-тұрмыстық және тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелеріне және газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсетудің, үлгі шартының 10 тармағына сәйкес, орындаушының қолданыстағы прейскуранты негізінде айқындалады.