«Петропавл қ. - г. Петропавловск»
Қаз Рус

ГАЗДЫ ТҰРМЫСТА ПАЙДАЛАНУ КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК

Абонент пәтер ішіндегі газ жабдығының тиісті техникалық жағдайын қамтамасыз етуге міндетті.

Құрметті газ тұтынушылар! Өз денсаулығыңыз бен жақындарыңыздың қауіпсіздігі туралы ойлаңыздар – газ жабдығына уақытылы қызмет көрсету мен жөндеуді қамтамасыз етіңіздер!

Газды тұрмыста қолданатын халық міндетті:

  • Газ аспаптарының, түтіндіктер мен желдеткіштердің қалыпты жұмыс істеуіне бақылау жасауға, түтіндікке газ жану өнімдерін бұратын газ аспаптарын қосқанға дейін және жұмыс істеуі кезінде түтін тартылуын тексеруге. Түтіндіктің «қалтасын» мерзімді тазалап отыруға.
  • Газды пайдаланып болған соң, газ аспаптарында және олардың алдындағы крандарды жабуға.
  • Газ жабдығы жарамсыз болғанда «Горгаз-сервис» ЖШС кәсіпорнының қызметкерлерін шақыртуға.
  • Пәтер ішінде газ иісі пайда болған кезде газ аспаптарын қолдануды дереу тоқтатуға, аспаптарға жалғанған және аспаптардағы крандарды жабуға, үй-жайды желдету үшін терезелер мен желкөздерді ашуға, 104 телефоны бойынша апаттық қызметті шақыртуға (газдалған үй-жайдан тыс). От жақпауға, темекі тартпауға, электр жарығы мен электр құралдарды қоспауға және қосулы болса, сөндірмеуге, электр қоңырауларды пайдаланбауға.
  • Газ құбырлары мен газ жабдықтарын тексеру және жөндеу үшін тәуліктің кез-келген уақытында пәтерге газ шаруашылығы кәсіпорнының қызметкерлерін олар қызметтік куәліктерін көрсеткенде кіргізуге.

Халыққа тыйым салынады:

Үйлерді (пәтерлер, бау-бақшадағы шағын үйді) газдандыруды өз бетінше жүргізуге, газ аспаптарының, баллон мен бекіту арматураларының орнын ауыстыруға, алмастыруға және жөндеуге  Кез-келген газ жүйесін құрастыру тек мамандандырылған ұйыммен жүргізілуі тиіс.

  • Сәйкесінше ұйымдардың келісімінсіз, газ аспаптары орнатылған орынжайды қайта жоспарлауды жүзеге асыруға.
  • Газ аспаптары орнатылған орынжайларды ұйықтау мен демалу үшін қолдануға.
  • Газ шығуын анықтау үшін ашық отты пайдалануға (газ шығуды анықтау сабын эмульсиясымен немесе арнайы аспаппен жүргізіледі).
  • Түтін мен желдету жүйелерінің құрылысын өзгертуге.
  • Екі қабаттан көп қабаттары бар тұрғын ғимараттарының пәтерлерінде баллондарды орналастыруға тыйым салынады.
  • Желдету арналарын бітеп тастауға, түтіндіктерді тазалауға арналған «қалталар» мен люктерді бітеп немесе сылап тастауға.

Газды тұрмыста қолдану Ережелерін бұзған тұлғалар қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа тартылады.

ГАЗ ИІСІ ШЫҒЫП ТҰРСА  НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

Пәтерде:

  • Газ құбырындағы вентильді жабыңыз
  • Терезелерді дереу ашыңыз, өтпе жел жасаңыз
  • Жарық немесе тұрмыстық аспаптарды қоспаңыз — ұшқын жарылыс туғызуы мүмкін.
  • 104 телефоны бойынша апаттық қызметті шақырыңыз.


ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ! Газ жабдығы жақсы желдетілген және ауасы жаңартылған бөлмеде жұмыс істеуі тиіс!

Кіре берісте:

  • тұрғындарды мүмкін қауіп жөнінде ескертіңіз;
  • орынжайды босатыңыз және 104 телефоны бойынша газ қызметін шақырыңыз;
  • кіре берісті ішіне тұтанған темекімен ешкім кірмейтіндей етіп, бақылауда ұстаңыз. 

Газ иісін сезсеңіз қайда хабарласу керек?

104 - АПАТТЫҚ-ДИСПЕТЧЕРЛІК ҚЫЗМЕТ

ГАЗ ПАЙДАЛАНУШЫ ҚОНДЫРҒЫЛАРДЫ ҚАУІПСІЗ ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ

1. Осы талаптар коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорындардың, тұрғын үй қорын пайдаланушы ұйымдардың (кондоминимумды басқару органдары) лауазымды адамдарына, қоғамдық ғимараттарда газ жабдықтарының қауіпсіз пайдаланылуына жауапты адамдарға, сондай-ақ тұрмыстық тұтынушыларға қолданылады.
2. Газ жабдығының сақталуын және жарамдылығын, теңгерімінде олар тұрған ұйымдар, меншік құқығындағы үйлер мен пәтерлерде – олардың иелері қамтамасыз етеді.
3. Үйлерде, пәтерлерде тұрмыстық газ пайдаланушы қондырғыларды қауіпсіз пайдалануды және оларды тиісті жағдайда ұстауды тұрғын үй және тұрғын үй емес орынжайлардың меншік иелері немесе жазбаша жалға алу шарты негізінде тұрғын үйде тұратын адамдар қамтамасыз етеді.
Көп қабатты тұрғын үйлердегі мұржа және желдету арналарының сақталуы мен жарамды күйде болуын тұрғын үй-пайдаланушы ұйымдар, кондоминимумды басқару органдары, меншік құқығындағы үйлер мен пәтерлерде – олардың иелері қамтамасыз етеді.
4. Газ пайдаланушы қондырғылары бар коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорындарда газ пайдаланушы қондырғылардың және су қыздыру қазандығы операторларының (немесе қызмет көрсетуші персонал) қауіпсіз пайдаланылуына жауапты адамдар бұйрықпен тағайындалады.
5. Жеке меншік құқығындағы үйлер мен пәтерлер иелерінен басқа жауапты адамдар және су қыздыру қазандығы операторлары (немесе қызмет көрсетуші персонал) осы Талаптарға сәйкес емтихан тапсырады.
6. Газ пайдаланушы қондырғылары бар адамдар:
1) газ пайдаланушы қондырғыларды қауіпсіз пайдалану бойынша нұсқамадан өтеді.
2) газ пайдаланушы қондырғының сақталуын және таза ұсталуын қамтамасыз етеді.
3) газ пайдаланушы қондырғылардың, мұржа мен желдеткіштің қауіпсіз жұмыс істеуін қадағалайды, газ пайдаланушы қондырғыны қосқанға дейін және жұмыс істеп тұрған кезінде газдың жанатын өнімдерін мұржаға бұра отырып, оның тартылуын тексереді. Газдалған пешті пайдаланар алдында шибердің толық ашықтығын тексереді. Мұржаның «қалтасын» қоқыстардан, сынған кірпіштен уақтылы тазалап тұрады.
4) газ пайдаланғаннан кейін газ пайдаланушы қондырғылардағы және олардың алдындағы крандарды жабады, ал ас үйлердің ішіне баллондарды орналастырған кезде қосымша баллондардың вентильдерін (редукторын) жабады.
5) газ пайдаланушы қондырғылар жарамсыз болған кезде газбен жабдықтау ұйымының жұмысшыларын шақыртады.
6) газдың берілуі кенеттен тоқтап қалғанда газ пайдаланушы қондырғылардың қыздырғыш крандарын дереу жабады және газбен жабдықтау ұйымының авариялық-диспетчерлік қызметіне хабарлайды.
7) орынжайда газдың иісі пайда болған кезде газ пайдаланушы қондырғыларды пайдалануды дереу тоқтатады, қондырғыларға жалғанған және қондырғылардағы крандарды жабады, орынжайды желдету үшін терезелер мен желкөздерді ашып, авариялық-диспетчерлік қызметті шақырады.
От жағуға, темекі шегуге, электр жарығы мен электр құралдарын қосуға және сөндіруге, электр қоңырауларын пайдалануға болмайды;
8) жертөледе, кіреберісте, аулада, көшеде газ иісі байқалғанда:
112 телефоны бойынша авариялық-диспетчерлік қызметке хабарлау;
газдалған ортадан адамдарды шығару, электр жарығын қосу және сөндіру, ашық от пен ұшқынды болдырмау жөніндегі шараларды қабылдау;
авариялық-диспетчелік бригада келгенге дейін орынжайдың желдетілуін ұйымдастыру қажет;
9) тәуліктің кез келген уақытында газ құбырлары мен газ жабдығын қарау және жөндеу үшін газбен жабдықтау ұйымдары жұмыскерлерін қызметтік куәліктерін көрсетуі бойынша пәтерге кіргізеді;
10) жоғарыда аталғаннан басқа, жеке тұрғын үйлердің және тұрғын үй-пайдалану ұйымдарының (кондоминимумды басқару органдары) иелері газ тұтыну жүйелеріне техникалық қызмет көрсету үшін уақытында шарт жасасады. Газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің қауіпсіздік талаптарында белгіленген мерзімде мұржалар мен желдету арналарын тексеруді қамтамасыз етеді. Қысқы уақытта газ құбырлары бастарының қатып қалуына және бітелуіне жол бермеу мақсатында олар кезең-кезеңімен тексеріледі.
7. Мыналарға:
1) үйлерді (пәтерлер, бау-бақшадағы шағын үйді) газдандыруды өз бетінше жүргізуге, газ пайдаланушы қондырғылардың орнын ауыстыруға, алмастыруға және жөндеуге;
2) газбен жабдықтау ұйымының келісімінсіз газ пайдаланушы қондырғылар орнатылған үй-жайларды қайта жоспарлауға, қайта салуға, мақсатты қолданылуын өзгертуге;
3) газ пайдаланушы қондырғылардың конструкциясына өзгеріс енгізуге. Мұржа және желдету жүйелерінің құрылғыларын ауыстыруға. Желдету арналарын бітеп тастауға, мұржаларды тазалауға арналған «қалталар» мен люктерді бітеуге;
4) қауіпсіздік және реттеу автоматикасын ажыратуға. Газ пайдаланушы қондырғылар, автоматика, арматура және газ баллондар жарамсыз болған кезде газды пайдалануға;
5) газдалған пештер мен мұржалардың қалау тығыздығы, сылағы (жарықтар) бұзылған кезде газды пайдалануға;
6) мұржа мен желдету арналарын тексеру және тазалау туралы актінің қолданылу мерзімі өтіп кеткеннен кейін газды пайдалануға;
7) газбен жабдықтау ұйымында қауіпсіз жұмыс жөнінде нұсқамадан өтпей, мұржа мен желдету арналарын тазалауды, тексеруді жүргізуге, сондай-ақ газ баллонды қондырғылардың баллондарын ауыстыруға;
8) желкөздер (фрамугалар), жалюзи торшалары, желдету арналарының торшалары, жуыну бөлмелері мен ас бөлмелер есіктері астындағы қуыстар жабық болғанда, мұржа мен желдету арналарында тартқыштар болмағанда, газ пайдаланушы қондырғыларды пайдалануға;
9) үздіксіз жұмыс істеуге арналған және оған арналған тиісті автоматикасы бар газ пайдаланушы қондырғылардан басқа, жұмыс істеп тұрған газ пайдаланушы қондырғыларды қараусыз қалдыруға;
10) 10 жасқа дейінгі балалардың, сондай-ақ өз қимылдарын бақылай алмайтын және газ пайдаланушы қондырғыларды пайдалану қағидаларын білмейтін адамдардың ондай қондырғыларды пайдалануына жол беруге;
11) газ құбырларына арқан байлауға, газ құбырларын жүктеуге, «қораптарды», аспалы төбелерді жабуға;
12) газ бен газ пайдаланушы қондырғыларды мақсатсыз пайдалануға. Орынжайды жылыту үшін газ плиталарын қолдануға;
13) ұйықтау және демалу үшін газ пайдаланушы қондырғылар орнатылған орынжайларды пайдалануға;
14) газдың шығуы анықталған жағдайда ашық отты қолдануға;
15) орынжайлар мен жертөлелерде бос және сұйытылған газбен толтырылған баллондарды сақтауға;
16) газдалған орынжайда сыйымдылығы 50 (55) л бір баллонды немесе әрбіреуінің сыйымдылығы 27 л екі баллонды орналастыруға. Баллондар газ пайдаланушы қондырғылар тұрған орынжайда тұруға тиіс;
17) газы бар баллондарды орынжайда жылыту радиаторынан кемінде 1 м қашықтықта орнатуға. Баллондарды қызып кетуден қорғайтын экран қондырғысы болған кезде баллондар мен қыздырғыш пештер арасындағы арақашықтық 0,5 м дейін, ал баллондар мен экран арасындағы арақашықтық кем дегенде 10 см азаюы мүмкін.
Жағатын пештерден баллондарды кемінде 2 м қашықтықта орналастыруға;
18) орынжайларда орнатылған баллондарды ауыстыру кезінде электр жарығын қосуға және ажыратуға, ашық отты, электр жылытқыш құралдарын және жылыту пештерін пайдалануға;
Баллонды аталған жұмысты орындаумен байланысы жоқ адамдардың қатысуымен ауыстыруға;
19) газ құбырына жақын жерде (кем дегенде 20 см) электр кәбілдерін, көмескі жарықты және басқа да электр жабдықтарын орнатуға жол берілмейді.