жарияланған: Monday, April 27, 2026
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 36 бұйрығымен бекітілген «Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларының» 44-т. сәйкес «Горгаз-сервис» ЖШС тұтынушылар назарына алдағы уақытта топтық резервуарлық қондырғылар арқылы сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу қызметіне шекті баға 2026 ж. 25 мамырдан бастап ҚҚС-сыз 1230,29 теңге/м3 дейін немесе ҚҚС-пен 1427,13 теңге/м3 дейін көтерілетіні туралы ақпаратты жеткізеді.
ТРҚ арқылы СМГ-ны сату көлемінің төмендеуі, жөндеу және регламенттік жұмыстарға, коммуналдық қызметтерге шығындардың көбеюі, жалақыны индексациялау, инфляциялық процестер топтық резервуарлық қондырғылар арқылы сұйытылған мұнай газын өткізудің шекті бағасын көтерудің негізгі алғышарттары болып табылады.