«Петропавл қ. - г. Петропавловск»
Қаз Рус
  • Хабарлама
  • Петропавл қаласындағы тұрмыстық баллондардың жағдайы және газ жабдығының қауіпсіз пайдаланылуын бақылау туралы. «Горгаз-сервис» ЖШС компаниясының түсіндірмелері.

Петропавл қаласындағы тұрмыстық баллондардың жағдайы және газ жабдығының қауіпсіз пайдаланылуын бақылау туралы. «Горгаз-сервис» ЖШС компаниясының түсіндірмелері.

жарияланған: Дүйсенбі, Наурыз 1, 2021

Екі қабаттан жоғары қабатты тұрғын үйлерде тұрмыстық газ баллондарын пайдалануға заңмен тыйым салынған. Бұл туралы Қазақстан Республикасының 09.01.2012 ж. №532-IV «газ және газбен жабдықтау туралы» Заңының 28 бабының 5 тармағының 7 тармақшасында тікелей көрсетілген.

Заңның осы талабын бұзу Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 306 бабының 1 тармағында белгіленген әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.

1. Қазақстан Республикасының Газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасында белгіленген тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелері мен газ жабдығын пайдалану қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды бұзу-

Жеке тұлғаларға - жеті, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

«Горгаз-сервис» ЖШС әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға, оның үстіне әкімшілік айыппұлдар салуға не құқық бұзушыға өзге де шаралар қолдануға құқылы емес.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 729-бабының 1-бөлігі,2-бөлігіне сәйкес 306-бабының 1-бөлігі бойынша тұрмыстық (халыққа) және коммуналдық-тұрмыстық (дәмханалар, асханалар, дүкендер және т. б.) тұтынушыларға қатысты жергілікті атқарушы органның, яғни Петропавл қаласы әкімдігінің осыған уәкілеттік берілген лауазымды адамдары әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасайды және істерді қарайды.

Әкімдік тәртіп бұзушыларға айыппұл салып қана қоймай, газ саласындағы қауіпсіздік талаптарының сақталуына бақылау жасауға міндетті.

Осылайша, «газ және газбен жабдықтау туралы» Заңының 7 б. 5т. 1 тармақшасына сәйкес

5. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары: 1) тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелері мен газ жабдығын қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

Қалалық әкімдікте бұл функцияларды «Петропавл қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі» КММ орындайды (Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 23 үй, 106 кабинет).

Петропавл қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі «коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы» Ережесінің 14 б. 9 тармақшасына сәйкес

14. «Петропавл қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі» КММ өзіне жүктелген өкілеттіктерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:

9) тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушыларды газбен жабдықтау жүйелерінің тұрмыстық баллондары мен объектілерін қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын;

Тұрғын үй инспекциясы бөлімі қызметкерлерінің телефондары мен ережелері қала әкімдігінің сайтында орналасқан.




«ЖАҢАЛЫҚТАР» бетіне оралу