«Петропавл қ. - г. Петропавловск»
Қаз Рус
  • Хабарлама
  • 2020 жылғы 1 шілдеден бастап топтық резервуарлық қондырғылар арқылы сұйылтылған мұнай газын өткізудің сату бағасы төмендетілді.

2020 жылғы 1 шілдеден бастап топтық резервуарлық қондырғылар арқылы сұйылтылған мұнай газын өткізудің сату бағасы төмендетілді.

жарияланған: Жұма, Шілде 3, 2020

Құрметті абоненттер!

«Горгаз-сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу ережелерінің 13-тармағына сәйкес, 2020 жылғы 1 шілдеден бастап топтық резервуарлық қондырғылар арқылы сұйылтылған мұнай газын өткізудің сату бағасы ҚҚС-сыз 448,9 теңге/м3 дейін немесе шекті бағаға қатысты 3,7%-ға төмендетілді (шекті баға уәкілетті органмен 2018 ж. 26.01. келісілген және ҚҚС-сыз 466,3 теңге/м3 құрайды).

Сұйылтылған мұнай газын (СМГ) топтық резервуарлық қондырғылар арқылы өткізудің сату бағасының төмендеуі мынадай факторларға байланысты:

  • Қазақстан Республикасының ішкі нарығында сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізудің шекті бағасының ҚҚС-сыз 28000 тг/тоннаға дейін төмендеуі. Жылдық мәнде осы бап бойынша шығындарды үнемдеу 42 699,7 мың теңгені құрады. Бұл ретте СМГ-ны Петропавл станциясына дейін жеткізу құнының өсуі, кірме жолды ұсыну бойынша қызметтерді төлеу бойынша шығыстар, сондай-ақ ООТЖ Петропавл бөлімшесі бойынша жүк тасымалдауға байланысты шығыстар 18 624,3 мың теңгені құрады. Бөлшек саудада өткізу үшін ТРҚ арқылы газ сатып алуға кәсіпорынның жалпы шығындары 211 461,8 мың теңгені құрады, бұл сатудың шекті бағасында осы бап бойынша шығындардан 24 075,4 мың теңгеге төмен;
  • кәсіпорын жұмыскерлерінің еңбекақысын 5,5%-ға индекстеу жүргізілді (2020 жылдың 1 ақпанынан бастап). Сондай-ақ әлеуметтік салық және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар түзетілді – 2020 жылы МӘМС аударымдарының мөлшерлемесі 2%-ды құрайды

Қалған шығын баптары өзгеріссіз қалды.

Табыс сомасы ТРҚ арқылы СМГ өткізу бойынша шығыстар сметасында ескерілмеген.

Осылайша, топтық резервуарлық қондырғылар арқылы сұйылтылған мұнай газын өткізудің сату бағасы 2020 жылғы 1 шілдеден бастап ҚҚС есебінсіз 466,3 теңге/м3 мөлшеріндегі шекті баға сақталған жағдайда 1 м3 үшін ҚҚС-сыз 448,9 теңгені құрайды.




«ЖАҢАЛЫҚТАР» бетіне оралу