жарияланған: Thursday, August 7, 2025
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 36 бұйрығымен бекітілген «Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларының» 44-т. сәйкес «Горгаз-сервис» ЖШС тұтынушылар назарына алдағы уақытта топтық резервуарлық қондырғылар арқылы сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу қызметіне шекті баға 2025 ж. 6 қыркүйектен бастап ҚҚС-сыз 1090,92 теңге/м3 дейін немесе ҚҚС-пен 1221,83 теңге/м3 дейін көтерілетіні туралы ақпаратты жеткізеді.
Сұйытылған газды сатып алу құнының, оны жеткізу бойынша көлік қызметтерінің қымбаттауы, ЖЖМ құнының өсуі, 2024 жылға арналған персонал санаттары бойынша жалақыны нақты жалақыға индексациялау, сату көлемінің төмендеуі топтық резервуарлық қондырғылар арқылы сұйытылған мұнай газын өткізудің шекті бағасын көтерудің негізгі алғышарттары болып табылады.