«Петропавл қ. - г. Петропавловск»
Қаз Рус
  • Хабарлама
  • Шекті бағаның алдағы көтерілуі туралы хабарлама.

Шекті бағаның алдағы көтерілуі туралы хабарлама.

жарияланған: Жұма, Мамыр 5, 2023

ЖОБА

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 36 Бұйрығымен бекітілген «Қоғамдық маңызы бар нарықтардағы баға белгілеу қағидаларының» 44-тармағына сәйкес «Горгаз-сервис» ЖШС 2023 жылғы 1 маусымнан бастап топтық резервуарлық қондырғылар арқылы сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметке шекті бағаның алдағы уақытта ҚҚС-сыз 674.6 теңге/м3 дейін немесе ҚҚС-пен 755.55 теңге/м3 дейін көтерілетіні туралы ақпаратты тұтынушылардың назарына жеткізеді.

Жасасқан шарт және «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ Мұнай және мұнай өнімдерін өткізу басқармасының 2023 ж. 26.04. № 25/05 РГ-229 хаты негізінде өндіруші зауыттан сұйытылған газды Ақтөбе облысының Жем станциясынан Петропавл станциясына дейін жеткізудің жалпы құнының қымбаттауы, қызметкерлердің жалақысын индекстеу, инфляциялық процестер топтық резервуарлық қондырғылар арқылы сұйытылған мұнай газын өткізудің шекті бағасын көтерудің негізгі алғышарттары болып табылады.

Бұдан басқа, ТРҚ арқылы сұйытылған мұнай газын өткізу бағасының жобасына Пропан және ТПБҚ маркалы газ құнының айырмасын өтеу үшін пайда қарастырылған. «Горгаз-сервис» ЖШС көп қабатты тұрғын үйлердің тұтынушыларын топтық резервуарлық қондырғылар арқылы газбен жабдықтауды жүзеге асырады. Солтүстік Қазақстанда қолданылатын газбен жабдықтау жүйелері үшін МЕМСТ 20448-90 сәйкес техникалық пропан ең қолайлы болып табылады, өйткені ол минус 35°C дейін жоғары бу серпімділігіне ие (атмосфералық қысымдағы пропанның қайнау температурасы – минус 42.1°C). Осы газ маркасын жеткізуші «Теңізшевройл» ЖШС өз қызметінде сұйытылған газды өткізудің шекті көтерме бағасы бойынша Энергетика министрлігінің бұйрығын басшылыққа алмайды. Сондықтан Петропавл қ. тұрғындарын әсіресе төмен температуралар кезеңінде газбен үздіксіз қамтамасыз ету үшін «Горгаз-Сервис» ЖШС бұл газды сатып алу бойынша жабық тендерлерге қатысып, оны коммерциялық негізде сатып алуға мәжбүр, ал метрикалық тонна үшін тендерлік баға АҚШ долларымен ұсынылады. Пропан маркалы газды сатып алу құны мен Энергетика министрлігі бекіткен баға бойынша сатып алынатын ТПБҚ маркалы газдың құны арасындағы айырмашылық пайдаға қосылады.




«ЖАҢАЛЫҚТАР» бетіне оралу